Сот Әсия Төлесоваға қатысты шешім шығарды

Malim Админ

  • 10.06.2020

Алматы қаласының арнайы мамандандырылған тергеу соты азаматтық белсенді Әсия Төлесованы 10 тәулікке қамау жөнінде бұлтартпау шарасын белгіледі.

Адвокат Әлімжан Оралбай Әсия Төлесованы сотқа дейін кепілмен босатуды сұраған. Алайда тергеуші Литвиненко сот басталмай тұрып Төлесованы сотқа дейін қамауда ұстау туралы өтініш түсірген.

Судья  Ә.Төлесоваға ауырлығы орташа, үш жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратын бап бойынша айып тағылғанын, бірақ айрықша жағдайда сот қамауға алу жөнінде бұлтартпау шарасын қолдана алатынын айтты. Төлесованы екі айға қамауға алу жөнінде негіз жоқ екенін айта келе судья іс материалдарында Төлесованың жаңа қылмысқа баруы мүмкін екенін көрсететін деректер бар екенін келтіріп, оны 10 тәулікке қамау жөнінде шешім шығарды.

Ә.Төлесованың адвокаты Әлімжан Оралбай бұл шешімнің үстінен шағым түсіретінін жеткізді. "Біз бұл шешімді негізсіз деп есептейміз. Прокуратура мен тергеу Әсия қылмыс жасауды жалғастырады дегенді растайтын айғақтар келтірмеді", - деді адвокат.

Адвокаттың айтуынша, 10 тәуліктен кейін тергеу соты бұлтартпау шарасын қайта қарайды. "Он тәуліктен кейін тергеуші қамауды созу туралы сотқа қайта өтініш түсіреді", - деді ол.

Бұлтартпау шарасын белгілеген сот онлайн режимде өткенімен, оған журналистер қатыстырылмады. Әсия Төлесованың адвокаты Әлімжан Оралбай, анасы Жанар Жандосова мен құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина адвокаттың кеңсесінде отырып, онлайн сотқа қатысты. Адвокат Ә.Оралбай судьядан Әсияның анасы Жанар Жандосованың онлайн сотты телефонға түсіруіне рұқсат беруді сұрады. Судья Жанар Жандосоваға  онлайн сотты монитор арқылы түсіруге рұқсат еткенімен, оны көпшілікке көрсетіп, жария етуге судья тыйым салды.

Әсия Төлесованы қолдау үшін Oyan, Qazaqstan қозғалысының он шақты белсендісі тергеу сотының алдына келді. Олардың қолында "Әсияны босат!", "Репрессия тоқталсын!", "Әділ сот!" деген плакаттар болды.  Олар сотты онлайн көрсетуді талап етіп, наразылық акциясын өткізді.

Азаматтық белсенді Әсия Төлесованың үстінен Қылмыстық кодекстің "билік өкілін қорлау" және "билік өкіліне күш қолдану" баптары бойынша іс қозғалды. Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғауға оның 6 маусым күні рұқсат етілмеген митинг кезіндегі әрекеті түрткі болған. Ішкі істер министрлігіне тиесілі Polisia.kz сайты Ә.Төлесова заңсыз митинг кезінде полиция қызметкеріне күш қолданғанын жазады. Бұған дейін әлеуметтік желіде Ә.Төлесованың полицейдің бетінен ұрып, бас киімін жерге қағып түсірген сәті көрінген видео тараған еді.

8 маусым күні Әсия Төлесованы полиция департаментіне куәгер ретінде шақыртқан. Жауап беруге Әсия Төлесованы алып қалып, уақытша қамау абақтысына қамаған.

Әсия Төлесова әлеуметтік желідегі парақшасында бұл әрекетін полиция адамдарды жас-кәріге қарамай заңсыз ұстай бастағанда оларға араша түскенімен түсіндірген. Белсенді Бейбарыс Толымбековтің анасы Ляззат Толымбекова бұл видео қиылып алынғанын,  оған дейін Әсия Төлесова қарттарды автозакпен әкетуге қарсы шыққанда, полицейлер оны жерге құлатқанын айтқан.

Әсия Төлесоваға тағылған айыптар бойынша (Қылмыстық кодекстің 378,380-баптары) 3000 айлық есептік көрсеткіш (8,1 миллион теңге) айыппұл не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына міндеттеу немесе 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.

Фото: AP

Байланысты жаналықтар

Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

02.04.2025

Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

02.04.2025

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

02.04.2025

Қазақстан халқының саны белгілі болды

02.04.2025

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

01.04.2025

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

01.04.2025
MalimBlocks
Жезқазған тұрғыны қызды интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған

Петропавлда полициядан қашпақ болған жігіт көз жұмды

Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқан

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартқанын мәлімдеді

Қазақстан халқының саны белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

1 сәуірде Алматы облысында аудандық сот ғимаратынан зорлау бойынша күдікке ілінген адам тергеу барысында қашып кеткен

Қазақстан-Словения бизнес-форумында қандай мәселелер талқыланды?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар Қазақстан-Словения бизнес-форумына қатысты