Олардың қатарында ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң бар, деп хабарлайды Malim.kz.
Сондай-ақ машина жасау және көлік саласын дамыту мәселелеріне қатысты заңға қол қойылды.
Тағы бір құжат атқарушылық іс жүргізу жүйесін жетілдіруге арналған.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол қозғалысы және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.
Заңдардың мәтіндері ресми басылымдарда жарияланады.