«Спутник V» вакцинасын салдырғандарға өтемақы төленбейді

Malim Админ

  • 01.02.2021

«Спутник V» вакцинасынан болған кері әсерлер мен жағымсыз жағдайларға байланысты азаматтарға өтемақы төленбейді. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді.

Мұратовтың сөзінше, екпеден кейін қандай да бір қиындықтар болатын болса, науқасқа өтемақы төлеу қарастырылмаған.

«Қазір өтемақы төлеу жөнінде айту қиын. Ешқандай өтемақы қарастырылмаған. Егер қандай да бір қиын жағдайлар болатын болса, онда ол стационарлық немесе амбулаторлық ем қабылдау негізінде міндетті медициналық көмек бойынша жүзеге асырылады», - деді Мұратов.

Оқи отырыңыз: Алексей Цой неге Ресей вакцинасын салдырмады?

Ақпанның 1-інен бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой COVID-19-ға қарсы жаппай ресейлік «Спутник V» екпесі салынатынын мәлімдеген. Бірақ министрдің өзі Ресей вакцинасын салдырудан бастартты. Оның орнына ол қазақстандық QazCovid-in екпесін салдырмақ. Естеріңізде болса, бірнеше күн бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев та егер қазақстандық вакцина сынақтан сәтті өтетін болса, отандық екпені салдыратынын мәлімдеген.

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған