ШЫМКЕНТТЕ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Айбек Ережеп

  • 12.05.2021

ШЫМКЕНТТЕ «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезекті XLII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Іс шарада Партия филиалы Саяси кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері айтылды. Бүгінгі конференция жұмысы Zoom платформасында онлайн түрде жүргізілді.

Конференцияны ашып жүргізген қала басшысы, партияның қалалық филиалы төрағасы М.Айтенов қалада жетекші партияның 35 мыңға жуық мүшесі бар екенін атап өтті. Партия мүшелері партияның негізгі күші болып табылатын 49 бастауыш ұйымдарына топтасып Елбасы тапсырмаларын өңірде қарқынды жүзеге асырып келетінін жеткізді.

Жиында «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаеваның есебі тыңдалды. Оның айтуынша, есепті мерзімде партияның «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Жастар Отанға!», «Құтты мекен», «Халыққа көмек»  жобалары бойынша 151 524 адам қамтылып 1342  іс-шара өткізілген. Ал партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне қала тұрғындарынан 35 мыңнан астам өтініш түскен болса, олардың 22272 оң шешімін тапқан.

Сондай-ақ, конференция барысында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңесі құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, партия филиалының бақылау-тексеру комиссиясы сайланды.

Конференция жұмысын қорытындылаған қала әкімі, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов халықпен бірлескен жұмысты күшейту мақсатында партия активіне нақты тапсырмалар жүктеді.

Байланысты жаналықтар

Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

19.09.2023

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

18.09.2023

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

18.09.2023

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

15.09.2023

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

15.09.2023

Саяси реформалардың жарқын көрінісі

14.09.2023
MalimBlocks
Дело о захвате аэропорта: здание суда закрыли для посетителей и адвокатов

Здание алматинского горсуда закрыли для посетителей и адвокатов во вторник, 19 сентября. Известно, что в одном из залов судебных заседаний идет апелляционное рассмотрение жалобы на приговор суда первой инстанции, по которому осуждены активисты Айгерим Тлеужан, Калас Нурпеисов и еще трое алматинцев.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған

Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған

Волонтерить против взяток предлагает аким Ермаганбет Булекпаев

Аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев объявил войну коррупционерам, причем бесплатно - силами местных жителей.

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

Мемлекетке өз еркімен 90 миллиард теңгенің мүлкін қайтарғанын хабарлады

Мeмлeкeттiң зaңы бip бөлeк, дiндapлapдың зaңы бip бaсқa

Eлiңнiң қaндaй зaңы бap, мeмлeкeт қaндaй тәpтiптi бaсшылыққa aлaды, oғaн бaс қaтыpмaйды

Саяси реформалардың жарқын көрінісі