Тасмағамбетовтің күйеу баласы АҚШ президентіне пара берген

АҚШ президентінің ТМД елдерінің шенеуніктер мен кәсіпкерлерінен пара алғаны белгілі болды.

Malim Админ

  • 10.08.2023

Фотода: Қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев пен сол кездегі ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов Байдендермен

АҚШ Өкілдер палатасының қадағалау комитетінің төрағасы Джеймс Комер жариялаған 19 беттік құжатта президент Джо Байденнің ұлы Хантер Байден әкесінің вице-президент кезінде (Барак Обама президент) беделін пайдаланып пара алғанын айтады. Байдендердің сол жылдары банк шоттарында Қазақстан, Қытай, Румыния, Ресей және Украина тағы басқа шетелдіктерден миллиондаған доллар түскенін анықтап отыр. Құжатта банк жазбаларының скриншоттары көрсетілген. Байден отбасы мен олардың серіктестері айырбас ретінде қандай қызмет көрсеткенін түсіндірмеді. 20 млн доллардан астам шетелдік аударымдар түсті делінген құжатта қазақстандық олигарх Кеңес Рақышевтың аударымдары туралы да айтылған. ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың күйеубаласы Хантермен оның серіктесі Девон Арчердің Rosemont Seneca Bohai компаниясының шотына 142 мың 300 доллар аударған. Рақышев ол ақшаны өзінің Сингапурда тіркелген Novatus Holdings компаниясы арқылы жүзеге асырған. Келесі күні дәл сол сома Rosemont Seneca Bohai шотынан Хантер Байденге арналған спорттық автокөлік үшін Нью-Джерсидегі автосалонға аударылған. 2014 жылдың көктемінде Хантер Байденнің спорттық көлігіне төлем жасалған уақытта вице-президент Джо Байден Вашингтондағы Milano кафесінде Кеңес Рақышев, Кәрім Мәсімов және басқа да қонақтар кешкі ас ішкен көрінеді. Сол аста ресейлік кәсіпкер Мәскеудің бұрынғы мэрінің әйелі Елена Батурина да болған. Кейінен ол да аталған компанияға 3,5 миллион доллар аударды деген болжам бар.

2014 жылдың мамыр-маусым айларында Хантер Байден және оның серіктесі Девон Арчер Қытайдың мемлекеттік энергетикалық компаниясы, «Burisma» және «ҚазМұнайГаз» арасындағы үш жақты келісімді бағалау үшін Қазақстанға іс-сапармен Украинаның Burisma энергетикалық компаниясының атынан келген. Құжат авторлары бұл туралы Хантердің сол кездегі Burisma басшысының кеңесшісі Вадим Пожарскиймен электрондық хат алмасуына сілтеме жасап хабарлап отыр.

Әрине Ақ үй мұндай мәлімдемелерді жоққа шығарды және  Джо Байден ұлының бизнесіне ешқандай қатысы жоқ екен айтты.

 

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған