Теміржолға иелік ететін 25 компания мемлекет меншігіне өтеді

Айшолпан КЕРІМ

  • 18.05.2022

Кеше Премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламаға сай, теміржолға иелік ететін 25 компанияны мемлекет меншігіне беру ұсынылған екен.

Бұған дейін жауапты мемлекеттік органдарға салалық объектілер мен ұйымдарды жекешелендірудің негізділігіне, оның ішінде жеке операторларды құру тұрғысынан талдау жүргізу тапсырылған болатын.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бірқатар коммуникациялық, инфрақұрылымдық және өндірістік компанияны мемлекеттік меншікке беру ұсынылды.

"Бүгінгі таңда республикалық меншікке бірқатар кәсіпорын мен мекеменің акциялары мен қатысу үлестері қабылданды. Атап айтқанда, "Көлік сервисі орталығы" АҚ мүлкінің құрамында ұзындығы 250 шақырым болатын 400-ден астам кірме теміржол желілері қабылданды", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік меншікке ұзындығы 178 шақырым болатын 138 кірме теміржолына иелік ететін тағы 25 компанияны қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Аталған компаниялардың мемлекет меншігіне қабылдануы темір жол инфрақұрылымы саласында делдалдарды болдырмауға және осы қызметтерге бизнес шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ комиссия отырысында жекешелендірудің кешенді жоспарынан халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін (жылу, электр, сумен жабдықтау және өзге де коммуналдық қызметтер) 205 объектіні алып тастау мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар, комиссия жанар-жағармай нарығын, газ саласын және өңірлік электр желілік компанияларды демонополизациялау шараларын қарады.

Премьер-министр осы бағыттарда жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерді пысықтауды тапсырды.

Байланысты жаналықтар

Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

30.11.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

23.11.2023

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

22.11.2023

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

20.11.2023

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

15.11.2023

Тайны дела Бишимбаева

13.11.2023
MalimBlocks
Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

Ешқайда кетпеу жөніндегі бұлтартпау шарасы өз күшінде

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады.  Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу  мәртебелі оқырман құзырында. 

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

Израиль мен ХАМАС бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізіп, екі тарап кепілге алынған тұтқындарының бір бөлігін босату және соғысты уақытша тоқтату туралы келісімге келген.

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

Ол 80-ге қараған шағында өмірден өтті

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

Тайны дела Бишимбаева

В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.