Теректінің тірегі – «Nur Otan»!
«Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мирхат Ибраев, аудандық мәслихат депутатығына үміткерлер - Сержан Идиятов, Әділет Орынбасаров және Нұрсәуле Аткеева халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен экспромт-кездесу өткізді.
Жүздесуде «Nur Otan» партиясының Теректі аудандық сайлауалды бағдарламасы, атқарған іс-шаралар мен жобалар талқыланды.
"2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлау бұрынғыдан өзгеше. Әлем, саясат, экономика, өзгеріп жатыр. Осы орайда сіздермен кездесіп, «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға жоспарымен бөлісуді жөн санадық. Біздің партияның аудандық сайлауалды бағдарламасы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру; экологиялық жағдайды жақсарту; медициналық қызмет көрсету және білім сапасын арттыру; тарих пен мәдениетті дамыту; жастарды қолдау; мемлекеттік органдар мен аудан тұрғындарының қарым-қатынасын жаңа сипатта қалыптастыру; жемқорлықты жою сынды 7 басымдыққа бағытталған. Әрқайсысының жүйелі жоспары жасалды. Сайлауалды бағдарламамызда айтылған әр сөзіміздің жүзеге асуы жолында қызмет атқарамыз", – деді «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мирхат Мақсотұлы.
Экспромт-кездесуде депутаттыққа үміткерлер өз саласы бойынша алдағы 5 жылдың ішінде партияның қолдауымен Теректі ауданында атқарылатын іс-шара, жобаларды баяндап, сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері партия мүшелерін мұқият тыңдап, ой, ұсыныстарын, сын ескертпелерін айтып, сәттілік тіледі.
Аягөз АЙТҚАЛИЕВА,
Теректі ауданы
«Nur Otan» партиясы Теректі аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді