Тоқаев: Депутаттар халық сеніміне сай болуы керек

Арман Қайыпхан

  • 03.10.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Саяси реформалардың нәтижесінде мәслихаттардың құзыреті кеңейе түсті. Депутаттар облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін баламалы негізде таңдайтын болды. Атқарушы билікке ықпал ете алатын басқа да құзыреттер берілді. Сондықтан мәслихаттар аймақтың әлеуметтік жағдайына әкімдіктермен бірдей жауапты. Депутаттар өкілді билік функциясын халықтың сеніміне сай жоғары деңгейде атқаруы керек. Ол үшін мынадай мәселелерге назар аудару қажет, - деді президент.

Оның айтуынша, Мәслихат депутаттарының біліктілік деңгейін жоспарлы түрде арттыру қажет.

Мәслихаттар – жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі негізгі институт. Сондықтан оның тиімділігі депутаттардың кәсібилігіне тікелей байланысты. Біліміне білігі сай депутаттар корпусын жасақтауға, ең алдымен, оларды ұсынған партиялар мүдделі болуы керек. Бүгін мәслихат депутаттарының біліктілігін жетілдіру туралы ұсыныс айтылды. Мәслихат депутаттары қызметінің тиімділігін арттыру үшін бұл бағытқа ерекше назар аудару қажет. Бұған Мемлекеттік басқару академиясын тарту керек. Партиялар өз депутаттарының біліктілігін жетілдіру мақсатында Академиямен ынтымақтастық орнатқаны жөн деп санаймын. Әрине, бұл жұмысты аймақтың ерекшеліктерін, халық қалаулыларының кәсіби және қоғамдық-саяси тәжірибесін ескере отырып ұйымдастыру қажет, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы депутаттар халықпен тікелей байланыс жасай білуге және өз жұмысы туралы қоғамды жан-жақты хабардар етуге тиіс екенін де айтты. 

Мойындауымыз керек, бұл істе көзге көрініп тұрған кемшіліктер бар. Атап айтқанда, мәслихат депутаттарының сайлаушылар алдындағы есебі көбіне формальді түрде өтеді. Мұндай кездесулерге тыңғылықты дайындалып, сапалы өткізуге ерекше мән берген дұрыс. Саясат дағдыларын меңгеру, адамдармен сөйлесе алу және ашық диалог кезінде өз ұстанымын дәлелдей білу өте маңызды, - деді ол.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

11.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

09.05.2025

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады

09.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады