Тоқаев қаза болған  тұрғындардың нақты санын анықтауға тапсырма берді

  • 15.01.2022

Бүгін президент Қ.Тоқаевтың күштік құрылымдар басшыларымен кеңес өткізгенін akorda.kz сайты хабарлады.

«Мемлекет басшысына қаңтар айының бірінші онкүндігінде еліміздің бірқатар өңірінде болған оқиғалар бойынша сотқа дейінгі алдын ала тергеу амалдарының барысы, сондай-ақ арнайы жүргізілген операциялардың нәтижелері, елімізде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары туралы баяндалды.

Кеңес қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.  Қазақстанда, соның ішінде Алматыда болған қайғылы жағдайларды жан-жақты зерттеу мәселесіне, қаза болған бейбіт тұрғындардың нақты санын анықтауға, қиын-қыстау кездерде күштік құрылымдардың іс-қимылдарын үйлестірудің жаңа нормативтік базасын әзірлеуге баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына Арнаулы операциялар күштерін жасақтау жұмыстарын жеделдетуді және ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта құру жөнінде нақты ұсыныс беруді тапсырды.

Президент лаңкестікке қарсы операциялар мен тергеу шараларын жүргізу барысында азаматтар құқығының бұзылуына жол бермеудің маңызды екенін айтты» делінген ресми хабарламада.

 

 

Байланысты жаналықтар

Қаңтар қырғынында туғандар

07.02.2022

Бейбіт митинг қантөгіске ұласады деп ойламадық - дәрігерлер Қаңтар қырғынын еске алды

28.01.2022

Алматы трагедиясы. Билікті кім басып алмақ болды?

11.01.2022
MalimBlocks
Қаңтар қырғынында туғандар

Әйелін перзентханаға әкелген ер адам қайтар жолда оққа ұшты

Бейбіт митинг қантөгіске ұласады деп ойламадық - дәрігерлер Қаңтар қырғынын еске алды

Алматы трагедиясы. Билікті кім басып алмақ болды?