Тоқаев Қорғаныс министріне бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 01.04.2024

Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі туралы баяндалды.

Руслан Жақсылықов әскери бөлімшелердің жедел іс-қимылдарға және жауынгерлік дайындығы, басқару органдары мен жеке құрамды оқытуға бағытталған негізгі күш-жігер жөнінде айтты.

Қарулы Күштердің дағдарыс жағдайында, оның ішінде қазіргідей су тасқынына қарсы күрес кезінде орталық және жергілікті билік органдарымен тиімді байланыс орнатуы маңызды екеніне назар аударылды.

Президентке Қарулы Күштерді заманауи техникамен және қару-жарақпен жарақтандыру, аумақтық қорғаныс әскерлерін күшейту, әскери инфрақұрылымды жетілдіру ісі жөнінде мәлімет берілді. Қазақстанның ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға төрағалығы аясында 2024 жылға жоспарланған шаралар, сондай-ақ ауқымды оқу-жаттығу жиындарын, оның ішінде халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өткізу жайында айтылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына ведомствоның жауынгерлік-патриоттық тәрбие беру, көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесін және әскери қызметтің беделін арттыру жұмыстары туралы баяндалды.

Президент БҰҰ аясында Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлік контингент қызметінің маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрге Қарулы Күштердің жауынгерлік әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

11.05.2025

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

09.05.2025

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

09.05.2025

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады

09.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Қазақстанға Абу-Дабидің Тақ мұрагері келді

Путин Кемел Тоқаевты марапаттады

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

Президент Рим папасы XIV Левке құттықтау жолдады