Тоқаев Ұлттық басылым күнімен құттықтады

2 ақпан Қазақстанда Ұлттық баспасөз күні аталып өтеді.

Сабина Асқарқызы

  • 02.02.2025

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қадірлі баспасөз қызметкерлері! Сіздерді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын! Бұл мереке — елімізді өркендету және мемлекеттігімізді нығайту жолында еңбек етіп жүрген баспасөз өкілдеріне деген шынайы құрметтің белгісі. Қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні, төл руханиятымыздың берік қорғаны саналған. Біз оның бай тарихын, ағартушылық дәстүрін мақтан тұтамыз. Газет-журналдарымыз ұлттық сана-сезімді дамыту ісінде айрықша рөл атқарады. Зиялы қауым өкілдері қоғамдағы көкейкесті мәселелерге қатысты ой-пікірін, негізінен, мерзімді баспасөз арқылы білдіреді. Елімізде түрлі кезеңде жарық көрген басылымдар қашанда ұлт мүддесіне адал қызмет еткен. Аға буынның сара жолын қазіргі кәсіби журналистер лайықты жалғастырып келеді. Олар шынайы ақпарат таратып, жалпыұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға белсене атсалысып жүр. Газет-журналдарымыз алдағы уақытта да жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға және ел бірлігін нығайтуға зор үлес қоса береді деп сенемін. Баршаңызға шығармашылық шабыт, бақ-береке тілеймін! , — дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

2 ақпан Қазақстанда Ұлттық баспасөз күні аталып өтеді. Бұл күні 1913 жылы Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы сынды «Алаш» қайраткерлері «Қазақ» газетінің алғашқы санын жарыққа шығарған.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Президенттікке 6 жыл: Тоқаевтың саяси бастамалары мен реформаларынан не күтеміз

20.03.2025

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады

17.03.2025

78 жаста қайдағы "Болашақ"?: Тоқаев оқу бағдарламасын сынға алды

15.03.2025

Тоқаев Бюджет кодексіне қол қойды

15.03.2025

Тоқаев Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берді

14.03.2025
MalimBlocks
Президенттікке 6 жыл: Тоқаевтың саяси бастамалары мен реформаларынан не күтеміз

Мемлекет басшысының осы жылдар ішінде елімізді оң өзгерістерге бастайтын: атқарушы билікке берілген тапсырмалары, бастамалары, ұсыныстары көптің көкейінен шығып жатқаны анық

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Қасым-Жомарт Тоқаев Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады

Ұйымның Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан секілді алты құрылтайшысы бар

78 жаста қайдағы "Болашақ"?: Тоқаев оқу бағдарламасын сынға алды

Тоқаев Бюджет кодексіне қол қойды

Тоқаев Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берді