Тұрымовтың Сенатта немен айналысатыны белгілі болды

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 16.09.2021

Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Серікбай Тұрымовтың парламент сенатында немен айналысатыны белгілі болды.

Маңғыстау облысында қуаңшылық болып, жаппай мал қырылу тұсында қызметінен кеткен Серікбай Тұрымов сенатта аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің тұрақты мүшесі болып тағайындалды. Ол бүгін депутат ретінде ант берді.

Серікбай Тұрымов тұрақты мүше болып кірген комитетті «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев басқарады. Комитет құрамында бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев та бар.

Серікбай Тұрымов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен қыркүйектің 7-і күні қызметінен кеткен. Оның орнына Маңғыстау облысының әкімі болып экс-энергетика министрі Нұрлан Ноғаев тағайындалған. Биыл Маңғыстау облысында қуаңшылық болып, мал қырылып, шаруалар жергілікті атқарушы биліктің жұмысын сынға алған. Бұған қоса, жыл басынан бері Жаңаөзенде мұнайшылар ереуілі басылмай келеді.

Фото: inbusiness.kz

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды

29.04.2025

Маңғыстауда қызғалдақ үстіне дастархан жайылған: желіде видео тарады

28.04.2025

Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

27.04.2025

Полиция қашып кеткен пдеофилдерге қатысты пікір білдірді

26.04.2025
MalimBlocks