Украина үшін және тұңғыш рет - Ресейлік журналист Нобель медалін сатты

"Новая газета" Ресейдегі жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған соң, Еуропаға кеткен.

  • 21.06.2022

 

Өткен күзде ғана Нобель сыйлығын алған Дмитрий Муратов медалін сатып жіберді. Ол Нобель сыйлығы үшін берілетін медальды Америкада сатып, түскен қаржыны Украинаның босқын балалары мен олардың отбасыларына аударып жатыр. Бұл туралы «Новая газета. Европа» сайты жазды.

Медаль Американың Heritage Auctions үйі арқылы сатылған. UNICEF ұйымы арқылы жасалып жатқан халықаралық көмекке сөйтіп ресейлік журналистің арқасында $103,5 млн қосылды.

«Нобельдің алтын, әйгілі, салмақты медалі, біз соны аукционға шығарсақ деп шештік. Әлемдік Нобель сыйлығы үшін берілетін медаль. Ақша босқындардың балаларына беріледі. Еуропа елдерінде, Украинада немесе Ресейде, мейлі, қай жақта болса да. Ендігәрі әлем үшін бөтен босқын деген болмайды», - деді Муратовтың өзі басылым арқылы жасаған мәлімдемесінде.

Мурадовтың сөзінше былтыр 2021 жылдың қазанында алған медалін Ресейдің Украинаға басып кіргеннен кейін украин босқындарға көмектесу үшін құрылған қорға беру туралы шешім қабылдаған. «Новая газета. Европа» ұжымы да бас редактордың бұл шешімін құптаған.

Бұл Нобель сыйлығы медалі алғаш рет сатылып отыр. Норвегиялық Нобель институты қаржы жинау үшін сатуға тұңғыш рет рұқсат беріп отыр. Heritage үйіндегі аукцион 1 маусым күні басталған.

"Новая газета" ұжымы Роскомнадзордың бірнеше ескертпесінен кейін "Ресейдің Украинадағы арнайы операциясы" аяқталғанша газеттің қағаз гұсқасын шығаруды тоқтататынын мәлімдеген. Артынша газеттің "Новая газета. Европа" деп аталатын сайты Еуропада іс қосылған. Газеттің бұл нұсқасын шығарушы топтың көбі ресейден кеткен журналистер. 

Одан бұрын "Новая газета" Ресейдің басқыншылығын сынап жазған. Тіпті, пойызда кетіп бара жатқан муратовқа қанға ұқсас майлы бояу шашылып, "ескерту" де жасалған. 

Украина-Ресей соғысы басталғалы Ресейде бірнеше әлемдік және отандық БАҚ жұмысын тоқтатты. Оның ішінде BBC, "Дождь", "Эхо Москвы" басылымдары бар. 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады