Украинаның Қазақстандағы елшісі қызметінен кетті

Malim Админ

  • 19.10.2022

Украина Президентінің ресми сайтында тиісті жарлық жарияланды. Жарлықта «Петр Юриевич Врублевский Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын»  деп жазылған.

Еске сала кетейік,  елшінің блогермен сұхбаты шыққан соң ол Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне  шақырылған  еді.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Петр Врублевскиймен кездесті.

СІМ баспасөз қызметі «Кездесу барысында Елшіге биылғы 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілді. Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіндігі және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірді. Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс», - деген мәлімет таратты.  

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың  айтуынша, қазіргі уақытта Украина Сыртқы істер министрлігінен Астанадағы жаңа елшіні тағайындау туралы өтініш түсті.

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

16.04.2025

Германияның жаңа билігі Украинаға TAURUS зымырандарын беруді қолдап отыр

14.04.2025

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

14.04.2025

"Хочу жить" жобасы Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған қырғызстандықтар тізімін жариялады

14.04.2025

"Рамштайндағы" кездесу: Украинаға 21 млрд еуро әскери көмек көрсетіледі

11.04.2025
MalimBlocks
Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

1 сәуірде желіде Украинаға қарсы соғысқа қатысқан 660-тан аса қазақстандықтың аты-жөні бар тізім пайда болды. ҚР ІІМ бұл ақпарат расталмағанын айтып, тексеруді талап ететінін мәлімдеді. Tengrinews.kz редакциясы бұл мәселе бойынша ашық деректерді зерттеген

Германияның жаңа билігі Украинаға TAURUS зымырандарын беруді қолдап отыр

Украинаның Сумскі қаласына жасалған соққыдан 100-ден аса адам жараланды

Журналист Нұргелді Әбдуғани Украинадағы Сумскі қаласына жасалған соққы туралы айтты

"Хочу жить" жобасы Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған қырғызстандықтар тізімін жариялады

Ең жасы 18-де

"Рамштайндағы" кездесу: Украинаға 21 млрд еуро әскери көмек көрсетіледі