«Ұятсыз ұсыныстар жасады». Перуашев депутат Асқар Садықовтың партиядан шығарылу себебін айтты

Жәбірленуші барлық ұсынысты жауапсыз қалдырған

Malim Админ

  • 04.09.2024

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев депутат Асқар Садықовтың не себепті партия қатарынан шығарылғанын айтты.   


Бұған дейін 55 жастағы мәжіліс депутатының өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын. Ал "Ақ жол" партиясы оны өз қатарынан шығарып жіберді. Перуашевтің айтуынша, Садықовтың үстінен шағымдар түскен. Атап айтқанда, экс-депутат өкілеттігін асыра пайдаланған және этикалық нормаларды бұзған.

"Мәселен, парламентте (партияда емес) жұмыс істейтін бір әйел адам А.Садықовтың бірнеше рет ұятсыз ұсыныстар жасап, қысым көрсеткені туралы айтып арызданды. Ол өзінің сөзіне дәлел ретінде А.Садықовтан келіп түскен хабарламалардың скринін көрсетті", - дейді Перуашев.

Оның сөзінше, жәбірленуші барлық ұсынысты жауапсыз қалдырған. Ал Садықов жыныстық бопсалауды жүйелі түрде жалғастыра берген.

"А. Садықовтың депутаттық қолсұғылмаушылыққа ие екендігіне байланысты, харрасментке тап болған жәбірленуші құқықтық қорғауға жүгіне алмаған. Пленум барысында осындай әшкере болған заңсыз әрекеттерге жол берілмейтіндігі туралы ескертуіме жауап ретінде А.Садықов "өзінің депутат екенін және кімге не қаласа соны айтуға құқылы екендігін" айтты. Сондықтан, біз бұл кедергіні алып тастадық, ал, А.Садықовты депутаттық мәртебесінен айыру туралы қабылданған шешім жәбірленушіге ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті партия басшысы.

Осы орайда Перуашев бұрынғы әріптесінің лайықсыз мінез-құлқын дәлелдейтін басқа да фактілер бар екенін мәлімдеді. Оған құқық қорғау органдары да назар аударуы мүмкін.

Фото: akzhol.kz

Байланысты жаналықтар

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

10.05.2025

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

05.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025
MalimBlocks
Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

Таразда депутат соққыға жығылды

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

Қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін қатаң санкциялар белгіленеді

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

Өтініш міндетті түрде тіркелуі тиіс

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған