Халықты тыңдағысы келмейтін әкім: "Сен сайлаған жоқсың мені!"

Жаркент әкімі Болат Омаровтың басы дауға қалды.
Сәуірдің 25-і күні kris_p_brothers_official инстаграм парақшасында Қорғас шекара маңындағы ынтымақтастық орталығындағы жүк көліктері төңірегіндегі дауға байланысты видео жарияланды.
«10 белсендіні ұстаған. Сол себепті халық Панфилов аудандық полиция басқармасының алдына жиналды. Барлығы Қорғастан келген. Жүк көліктерін өткізбей жатыр. Видеода Жаркент қаласының әкімі Болат Шәріпұлы. Қасында аудан әкімі Талғат Өмірәлиев темекі шекіп тұр. Видеода барлығы көрініп тұр», - делінген жарияланған бейнероликтің аңдатпасында.
Видеода бір топ адамның Панфилов аудандық полиция басқармасының алдына келгендігі, олармен Жаркент қаласының әкімі Болат Омаровтың дөрекі сөйлеп, жиналғандардың біріне: «сен не сөйлеп тұрсың, бәле іздеп тұрсың ба?», - дейді. Оның халықпен бұлай сөйлеуіне қарсы шығып: «әкім мырза, сізді халық сайлады ма? Халықты тыңдаңыз», - деген тағы бір адамға ол: «сен сайлаған жоқсың мені!», - дейді.
Осыған дейін Қазақстан мен Қытай шекарасынан тауар тасымалдайтын кәсіпкер, жүргізушілер Қорғаста наразылыққа шыққан. Олар «Нұрлы жол» өткізу бекетінде монополист «Еуротранзит» компаниясының көліктері кезексіз өтіп, қалғандарына шектеу қойылғанына шағымданған. Кейіннен бұл компанияға экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мен оның қазіргі күйеуі делінетін Қайрат Шәріпбаевтың қатысы бар екені белгілі болған. Қорғастық жүргізушілердің өзі бұл компанияны «отбасынікі» деп атайды.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

«Біреу тиіссе маған айт». Назарбаевтың «өнімі» Ақышевтың жарқын жылдары
Қолы қалт ете қалса Назарбаевтың кеңесшісі яки көмекшісі бола салатын Данияр Ақышевты Назарбаев қызметінен босатты. Бұл нені білдіреді? Өмір бақи демесек те, бірінші планға шыға бастаған кезінен Назарбаевтың жанынан шықпай жүрген бұрынғы Ұлттық банк төрағасының ендігі тағдыры не болады? Ол да Назарбаев айналасымен бірге "тазалауға" ұшырай ма, әлде, Тоқаев өзге бір қызмет ұсына ма? Бірақ, Ақышевтың "өсу жылдарына" көз салып көрдік, қазіргі президентпен жолы түйіскен жері жоқ екен...