Жаңаөзен мұнайшылары ереуілге шықты

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 20.04.2021

Сәуірдің 19-ы күні Жаңаөзен қаласында «Бұрғылау» мұнай компаниясының мердігері «Фиркрофт» ЖШС жұмысшылары жалақыларын көтеруді талап етіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен облыс әкімі Серікбай Тұрымовқа үндей жасады.

Үндеуде мұнайшылар 19 сәуірден бастап жұмысты тоқтатқандарын айтады. Олар өздерінің бұндай қадамға компания басшылығы мен әкімдік мәселелерін шеше алмағаннан кейін барғандарын айтады.

«Біз 2021 жылдың 19-шы сәуірінен бастап жұмысты тоқтаттық. Себебі осы күнге дейін Жаңаөзен қаласының әкімдігі мен «Бұрғылау» мекемесінің басшылары біздің мәселемізді шеше алмады. Көптеген заңсыздықтар орын алып жатыр. Осы заңсыздықтар үш күн ішінде шешілмеген жағдайда Жаңаөзен қаласының өзге де мұнай мекемелерінің жұмысшыларынан қолдау көрсетулерін сұраймыз», - делінген үндеуде.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода «Бұрғылау» компаниясының бас директоры Мұстақим Беркалиевтің жұмысшылармен келіссөз жүргізіп жатқаны көрсетілген. Бірақ мұнайшылар талаптарының бірнеше жылдан бері орындалмай келе жатқанын айтып, басшылыққа «талаптары орындалмайынша ешкімнің жұмысқа шықпайтынын, қажет болған жағдайда астанаға дейін баратындарын» ескертті.

Соңғы уақыттары Қазақстанда мұнайшылар ереуілі жиілеген. Осыдан бірнеше күн бұрын Қызылорда облысында «Қуат Амлон Мұнай» компаниясының жұмысшылары жалақыларын өсіруді талап еткен. Қаңтар айында Ақтөбе облысында «КМК Мұнай» компаниясының мұнайшылары да айлықтарын көтеруді талап етіп, екі айға жуық уақыт ереуілге шыққан. Кейіннен компания басшылығы олардың талабын орындаған.

Байланысты жаналықтар

Ақтөбе облысының әкімі «Елбасына» 104 млн теңге жұмсамақ

23.08.2023

Жаңа тағайындалған орынбасар әкімнің жерлесі  

27.07.2023

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен әйел сал болып қалды

17.05.2023

Астананы шулатқан  мұнайшылар жұмысқа оралды

14.05.2023

Жаңаөзенде жұмыс сұрағандар аштық жариялайтынын мәлімдеген соң әкім үндеу жолдады

10.05.2023

Аштық жариялағандарды ақылға шақырды

03.05.2023
MalimBlocks
Ақтөбе облысының әкімі «Елбасына» 104 млн теңге жұмсамақ

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов 104 млн теңгеге «Елбасы медалін» шығармақ.

Жаңа тағайындалған орынбасар әкімнің жерлесі  

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары төрт ай толар-толмас уақытта қызметінен кетсе, жаңа келген орынбасар жерлесі болып шықты.

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен әйел сал болып қалды

Жарылыс кезінде  23 жастағы әйел денесі күйіп, омыртқасы сынған

Астананы шулатқан  мұнайшылар жұмысқа оралды

Жұмыс 1 сәуірде басталуы керек болатын

Жаңаөзенде жұмыс сұрағандар аштық жариялайтынын мәлімдеген соң әкім үндеу жолдады

Жұмысқа тұрғызуды сұрағандар алған бетінен қайтар емес

Аштық жариялағандарды ақылға шақырды

Бүгін Жаңаөзен қаласы әкімдігі ғимарат сыртында бір топ азамат аштық жариялайтындарын мәлімдеп әлеуметтік желіге видео, фото таратты.