Зейнеткер Назарбаевтың жүріс-тұрысына мемлекет ақша бөлмек  

Жамаубаев Назарбаевқа бөлінетін қаражаттың нақты сомасын айтпады.

Malim Админ

  • 20.04.2022

Зейнеткер Назарбаевтың қызметін қамтамасыз етуге 5,1 млрд теңге бөлінеді деген әңгіменің жаны бар сияқты.  Бүгін  Премьер-Министрдің орынбасары Е.Жамаубаев  экс - президенттің жұмысына бюджеттен ақша қарастырылғанын растады.  

Өткенде «Ашық НҚА» порталында Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметіне 5,1 миллиард теңге бөлінетіні жазылған. Таратып айтсақ,  оның Кеңсе жұмысына 2,6 миллиард теңге, қызметін қамтамасыз етуге 1,2 миллиард теңге, Тұңғыш Президент кітапханасының жұмысына 1,3 миллиард теңге жұмсалатыны хабарланған. Заң жобасы сәуірдің 21-не дейін өтетін қоғамдық талқылауға түседі делінген еді. 

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.

Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистерге Назарбаевтың жұмысын дұрыс қамтамасыз етуге қаржы  бөлінетінін мәлімдеді. Алайда ол  бұл қаражаттың нақты сомасын ашып айтпады.  Кейін деп күлбілтелеген министр арнайы сауал жолдануы тиіс деді. Заң жобасы Мемлекет басшысының биылғы жылдың басында берген тапсырмаларын және мемлекеттің басқа да шұғыл міндеттемелерін іске асыруға бағытталған. Аталған бағыттары бойынша бюджет шығыстары 2,7 трлн теңгеге артып отыр.

Биліктің бұл шешімі азаматтардың ашу-ызасын тудырып отыр. Қоғам қайраткері Балташ Тұрсынбаев «82-ге жасы келген зейнеткерге қандай кітапхана керек» дейді. Бізге мемлекет қанша зейнетақы төлесе оған да сонша көлемде зейнетақы берілуі керек деген пікірде. Тұрсымбаев Қазақстанның 170 миллиардтай шетелге қарыз екенін, бұл қарызды Назарбаев емес, біздің ұрпақтарымыз төлейтінін айтып қынжылыс білдірді.  

Ал саясаттанушы Дос Көшім ақша бөлінбек түгілі, зейнеткердің иеленіп алған мүлкінің бәрін мемлекет қайтарып алғаны жөн дейді. Алайда жұртты жарылқап үйренген билік артқа қайтпайтын сияқты. 


 

Байланысты жаналықтар

Назарбаевтың сенімді жақтастарының бірі Әбіқаев қызметінен кетті

29.10.2024

12 млрд актив мемлекетке қайтарылған. Қаражат қайда жұмсалады?

28.10.2024

Жетісу облысында 221 гектар жер мемлекетке қайтарылды

10.10.2024

«Табысты болыңдар, бақытты болыңдар». Назарбаев референдумда дауыс берді

06.10.2024

Ақмола облысында құны 70 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

02.10.2024

Алматы мен Қарағанды облыстарында жер телімдері мемлекетке қайтарылды

24.09.2024
MalimBlocks
Назарбаевтың сенімді жақтастарының бірі Әбіқаев қызметінен кетті

Ол Қазақстан Волейбол федерациясының басшысы болған

12 млрд актив мемлекетке қайтарылған. Қаражат қайда жұмсалады?

4 келісімге қол қойылды

Жетісу облысында 221 гектар жер мемлекетке қайтарылды

«Табысты болыңдар, бақытты болыңдар». Назарбаев референдумда дауыс берді

Ол «Астана Опера» театрының ғимаратында таңдау жасады

Ақмола облысында құны 70 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

Ақмола облысы прокуратурасы өңірде заңсыз берілген жер учаскесін мемлекетке қайтарды.

Алматы мен Қарағанды облыстарында жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Соттардың жер беру туралы шешімдері заңсыз деп танылды