Зеленский: Ресей 50 діни қызметкерді өлтіріп, 700 шіркеуді жойды
Фото: antikor.com.ua
2022 жылы жаппай соғыс ашқаннан бері Ресей әскерлері Украинада 50 діни қызметкерді өлтіріп, шамамен 700 шіркеуді қиратты, деп мәлімдеді Украина президенті Владимир Зеленский SBN арнасына берген сұхбатында. Бұл жөнінде ВВС жазды.
«Ресейліктер әртүрлі украиналық шіркеулерге мектеп сияқты қарайды. Яғни, олар біздің жерлерге кірген жерде мектептер мен шіркеулерді жойып, ешқандай із қалдырмауға тырысты. Сондықтан көптеген діни қызметкерлер тұтқындалып, өлтірілді. Айтпақшы, олар 50 діни қызметкерді әртүрлі әдістермен өлтірді», – деді украин президенті.
Зеленскийдің айтуынша, кейбір діни қызметкерлер азапталған. «Олардың азапталғанын растайтын барлық дәлелдер бар. Олар не үшін азапталған? Тек қана патриарх Кириллге және олардың шіркеулеріне қызмет етуі керек болғаны үшін. Ал діни қызметкер адам мен Құдайға қызмет етеді», – деп қосты Зеленский.
Сонымен қатар, ол Ресей әскерлерінің қолынан 700 украин шіркеуі жойылғанын айтты.