Жолдаудағы міндеттер шаһарлардың шырайын ашады

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ең төменгі жалақы 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге көтеру туралы шешім қабылданды

Malim Админ

  • 10.04.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «Әділетті  Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында  ел көкейінде жүрген келелі мәселелерді қозғап, біршама тапсырмалар бергені мәлім. Жолдау  халық назарына ұсынылған 8 ай ішінде, көптеген жұмыс орайымен іске асты. Астана қаласында да, Президент тапсырмасына сәйкес игі істер атқарылып жатыр. Атап айтар болсақ, Жаңа экономикалық саясат бойынша жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандырып, жас кәсіпкерлерге арнайы гранттар бөлініп, қолдау жүргізілуде. Сондай-ақ, алдағы уақытта Мемлекет басшысы тапсырмасы бойынша, Мемлекеттік қаржылай қолдау шағын және орта кәсіп иелеріне баса мән беріліп, 2024 жылдың 1 қаңтарынан халыққа түсінікті, айқын ереже енгізіледі. Екінші бағдар. Нақты секторды дамыту. Бұл бағдарда,  қаламызда Жер кадастрында өнеркәсіптік мақсатқа арналған жер телімдерінің картасын қолданыстағы көлік және коммуникация инфрақұрылымының сызбаларымен толықтырып жатыр. Үшінші бағдар. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестититция. Денсаулық сақтау бойынша елімізде ауқымды реформалар жүргізілді. Денсаулық сақтау саласы бойынша, шаһарымыздағы әр мемлекеттік емханалар мен аруханалар жаңа талапқа сай, жабдықталып, емделушілерге тиімді қызмет көрсетуде. Ал бүлдіршіндерді бала-бақшамен қамтамасыз ету келелі мәселелердің біріне айналды. Мемлекеттік бөбекжайларға кезек қарқынды түрде жылжып келеді. Былтырғы жылы тамыз айының қыркүйек айының басындағы түйткілді жағдай-студенттердің жатақханаға орналаса алмауы еді. Бұл мәселе, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдаудағы тапсырмаларынан кейін, орындалып,  студенттер жатақханамен қамтамасыз етілді. Одан бөлек, жастардың жұмысқа орналасуына, еңбек жолының қалыптасуына аса мән беріліп келеді. «Жастар практикасы» аясында оқу орнын тәмамдаған жас түлектер жұмысқа орналасып, өз біліктігін көрсетуге мүмкіндік алуда. Және жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға 2,5 % пайыздық несие беріліп жатыр. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ең төменгі жалақы 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге көтеру туралы шешім қабылданды. Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап, ең төменгі жалақы деңгейі 70 мың теңгеге өсірілді. Қаңтар айынан бастап, әйелдердің зейнет жасы  2028 жылға дейін 61 жас деңгейіне қалдырылды.  Президент жолдауында бала күтімі бойынша демалыстағы аналардың жағдайына тоқталып өтіп, бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін нәресте  бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартты. Төртінші бағдар, яғни мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту бойынша, қаламыздағы пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктері өз қызметін, өзгертіп, халыққа тиімді жұмыстарды атқарып келеді. Тұрғын-үйлердің сыртын безендіріп, ұлы тұлғаларымыздың бейнесін «мураж өнері» арқылы дәріптеп,  қала көркіне сән беруде. Аулаларды абаттандыру, ағаш егіп, көгалдандыру, апта сайынғы тұрғындармен бірлесе, сенбілік жасау, қала тазалығын одан сайын көркейте түсері анық.

Байланысты жаналықтар

Жаңбырдан соң Астананы тағы да су басып қалды  

12.09.2023

Аралас мектеп. Министрлік мимырт, ата-ана салғырт

21.08.2023

Астана мектептері жаңа оқу жылына қарқынды дайындалуда

25.07.2023

Сұраған Рахметұлы: ...Мола қаладан – моно қалаға...

21.07.2023

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

20.07.2023

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

12.07.2023
MalimBlocks
Жаңбырдан соң Астананы тағы да су басып қалды  

Желілерде суға толған  аумақтардың видеосы тарап жатыр

Аралас мектеп. Министрлік мимырт, ата-ана салғырт

Құжат тапсыруға 10 күн қалғанда ата-аналар «баламызды орыс сыныбына береміз»,-деп келді

Астана мектептері жаңа оқу жылына қарқынды дайындалуда

Сұраған Рахметұлы: ...Мола қаладан – моно қалаға...

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекке

Назарбаевты мақтағандар енді Тоқаевты мадақтауда

Шығыс Қазақстан облысы Тоқаевты мадақтайтын бейнероликке 5,2 миллион теңге жұмсаған.

Ғ.Жақиянов: Билік біздің орнымызға ештеңе шешпеуі керек

Путиннен кейін орыс «көке» болмайды