ЖСПД  бұл жолы бойкот жарияламайды екен

Өткен парламенттік сайлауларда бойкот жариялаудан басқаны білмеген ЖСДП партиясы бүгін мәлімдеме жасап, онда өздерін «жалғыз оппозициялық күшпіз» деп салды.

  • 21.01.2023

Мәлімдеме мәтіні төмендегідей:

«Біз, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – еліміздегі саяси өзгерістер үшін күресуге дайын жалғыз оппозициялық күшпіз. Өткен парламенттік сайлау науқанында дауыс берудің әділ өтуіне күмән келтіріп, өз кандидаттарымызды ұсынбай, сайлауға бойкот жариялауды шештік. Енді жағдай өзгерді, заңнамалық шарттар мен билік жүйесінің өзі өзгерді. Сондықтан да, еліміздің болашағы алдындағы жауапкершілікті түсіне отырып, біздің партия алдағы сайлау науқанына қатысу туралы шешімін қабылдады.

Еліміз өмірдің барлық салаларында жүйелі проблемалармен бетпе-бет кездесуде. Саяси және экономикалық ресурстарға қол жеткізу азаматтарымыздың көпшілігіне шектеулі. Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық бұрын-соңды болмаған мөлшерге жетті. Біз мемлекеттіміздің қазіргі қоғамдық-саяси және экономикалық саясатын қабылдамаймыз және қабылдағымыз да келмейді. Біз сайлауға қоғамда жылдар бойы жиылған мәселелерді шешу, азаматтардың құқықтарын кеңейту және саяси жүйені демократияландыру мақсатында қатысамыз».

 

Байланысты жаналықтар

«Ауыл» қорықпайды, «Байтақ» мәжіліске бармақ

21.01.2023

Бұған дейінгі сайлаулардың уақыты құпия болатын

21.09.2022
MalimBlocks
«Ауыл» қорықпайды, «Байтақ» мәжіліске бармақ

Жақында ғана тіркелген «Байтақ» партиясының жетекшісі Азаматхан Әміртайға  президент Қ.Тоқаевтың мәжілісті таратып, кезектен тыс сайлау тағайындау шешімі қуат бергендей.

Бұған дейінгі сайлаулардың уақыты құпия болатын

Кезектен тыс президент сайлауына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі жарияланған соң бұқаралық ақпарат құралдарына осы мәселеге қатысты сарапшылар пікірлерін білдіре бастады.