Жұбайының рұқсаты болмаса, несие берілмеуі мүмкін

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары айтты.

Malim Админ

  • 20.03.2024

Қазақстанда жұбайының келісімінсіз жеке тұлғаларға несие беруге тыйым салу ұсынылды, деп жазды halyq-uni.kz.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов несие беру заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қарастыру барысында мәлімдеді.

Қазақстан азаматтарының көп жағдайда қарыз алу себебі – құмар ойынға тәуелділік. Адамдар казиноға бәс тігіп, табыс табуға бейім. Кейбір жағдайда олар банк несиелерін де пайдаланады. Ерлі-зайыптының бірі несие алады да, болашақта бұл несие отбасылық бюджетке ауыртпалық түсіретін жағдайлар бар, – деді Нұрлан Әбдірахманов.

Оның айтуынша, мұндай қажетсіз несиелердің санын азайту үшін жұбайының келісімімен жеке тұлғаға банктік несие беру талабы қолдау тауып отыр.

Агенттік ережелерінде жұбайының келісімін алу қажет несиенің ең төменгі сомасын анықтау ұсынылады, – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

Әділет министрлігі мен Мәжіліс депутаттары банктер мен микроқаржы ұйымдарының қарыз алушыға жұбайының жазбаша келісімімен ғана несие беруі керектігі туралы бұл ұсынысты бірауыздан қолдап отыр.

 

ФОТО: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

«Меценат күйеуіміз жоқ». Кредит алатын адамдарды кінәлаған Динара Сәтжанның өзі сөзі естіді

18.03.2025

Табысы аз азаматтарға несие беру талаптары қатаңдайды

16.02.2025

Алматыда 19 жастағы жігіт 26-дағы қызды қылқындырып, қарға көміп кеткен

05.02.2025

Ақтаудағы Алинаның өлімі: Рәсімделген несиені кім төлейді

04.02.2025

Елімізде автонесие рекордтық көрсеткішке жетті

27.01.2025

Ақтөбеде емші өз келушілеріне 100 млн теңге несие алғызған

22.01.2025
MalimBlocks
«Меценат күйеуіміз жоқ». Кредит алатын адамдарды кінәлаған Динара Сәтжанның өзі сөзі естіді

Ол қаржылық сауаттылық туралы ойын ортаға салды.

Табысы аз азаматтарға несие беру талаптары қатаңдайды

Алматыда 19 жастағы жігіт 26-дағы қызды қылқындырып, қарға көміп кеткен

Қаскөй кінәсін толық мойындаған

Ақтаудағы Алинаның өлімі: Рәсімделген несиені кім төлейді

Елімізде автонесие рекордтық көрсеткішке жетті

Ақтөбеде емші өз келушілеріне 100 млн теңге несие алғызған