Польшада ер адам әйелі үшін киіз үй алып, тігіп қойған. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды.
Ер адам киіз үйді үйді қарапайым үйге ұқсатып орналастырып қойған. Мәселен үйдің кіреберісінде демалуға және тамақтануға арналған орын бар. Оған қоса, шомылу үшін бассейн де орналастырылған.
Ол әйелінің туған елінен алыста жүрсе де, өз мәдениетінің жылуын сезінетін, туған дәстүрді еске салатын бір бұрышы болғанын қалаған.
“Менің әйелім қазақстандық, сондықтан киіз үй сатып алдым. Әйелім өте бақытты”, – дейді ол видеода.
Киіз үй екі қабаттан тұрады, екі қабатта да төсек бар. Барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілген. Ең қызығы – киіз үйдің шаңырағы ашылады.
Қазақстандық жарын таңғалдырғысы келген ер адамның әрекеті желі қолданушылырын тәнті етті.
“Тамаша, сүйікті жар екен. Қазақ халқының ата-бабадан қалған шаңырағын, отбасылық ошақты бейнелейтін киіз үйді сыйлапты – керемет тарту! Махаббаттарыңыз баянды болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер!”, “Бір сөзбен айтқанда – жігіттің төресі”, “Жұрттың күйеуі” номинациясы сізге беріледі”, “Әйелдің, тіпті, Қазақстанда киіз үйі болмаған шығар”, “Күйеу бала, жарайсың”, – деп жазған олар.