freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Путин Украина келіссөзі бойынша жаңа мәлімдеме жасады

Әлем
Путин Украина келіссөзі бойынша жаңа мәлімдеме жасады
Фото: A. Druzhinin/TASS/dpa/picture-alliance

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты аяқтау жөніндегі келіссөздерде Еуроодақ атынан бұрынғы Германия канцлері Герхард Шрёдер қатысқанын қалайтынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Путиннің сөзінше, Мәскеу келіссөзге дайын, алайда Еуропа Ресейге қарсы «артық сөз айтпаған» өкілді таңдауы керек. Сонымен қатар ол Ресейдің Еуроодақпен әрдайым «құрметпен» сөйлескенін айтты.

Баспасөз мәслихатында Путин Финляндия НАТО-ға қосылғаннан кейін Ресейге қарсы жоспарлар болуы мүмкін екенін айтып, бұл елге қатысты «ым да көрсетіп, сөз де айтуы мүмкін» екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Путиннің өзі бірнеше рет Еуропа саясаткерлеріне қатысты өткір мәлімдемелер жасаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу