Ресей президенті Владимир Путин Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза табуына байланысты қатаң мәлімдеме жасап, бұл оқиғаны «адамзаттық мораль мен халықаралық құқық нормаларын циникалық түрде бұзу» деп атады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Ол Иран президенті Масуд Пезешкиан атына көңіл айту жеделхатын жолдап, Иран халқына қолдау білдірді.
Ресми мәліметке сәйкес, Хаменеи 28 ақпанда оның резиденциясына жасалған израильдік әуе соққысы салдарынан қаза тапқан, ал Иран билігі оның өлімін 1 наурызға қараған түні растады. Ақпараттарға қарағанда, онымен бірге отбасы мүшелері — қызы, күйеу баласы, немересі және келіндерінің бірі де қаза болған. Хаменеи Иранды 1989 жылдан бері басқарып келген және елдің саяси жүйесіндегі негізгі тұлға саналды.
Президент Пезешкиан бұл оқиғаны «барлық мұсылмандарға қарсы соғыс жариялау» деп бағалап, оның салдары аймақ шеңберінен асып кетуі мүмкін екенін айтты. Сарапшылар Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығу қаупі жоғары екенін ескертуде.