Германияда 2026 жылға арналған бейбітшілік мәселелері жөніндегі сараптамалық баяндама таныстырылды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Құжат авторлары соғыстың мемлекеттердің мүддесін ілгерілетудің құралы ретінде қалыпты құбылысқа айналып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.
Сарапшылар «соғыс жүргізуші көшбасшылардың» қатарында Владимир Путин мен Дональд Трамп есімдерін атады.
Баяндамада Путиннің Украинаға қарсы соғысты бастағаны және оның мақсаты Ресей империясын қалпына келтіру туралы көзқарасын жүзеге асыру екені айтылған. Ал Трамптың АҚШ-ты қайтадан ұлы мемлекетке айналдыру ұранын алға тартып, өз мүдделерін қорғау үшін күш қолдану қаупін жиі пайдаланатыны атап өтілген.
Құжат авторлары Германияны халықаралық құқықтың бұзылуына қатысты ұстанымын дәйекті түрде білдіруге шақырды.