freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Пышақтап, көлігін алып кеткен: Алматыда күдікті ұсталды

Қоғам
Пышақтап, көлігін алып кеткен: Алматыда күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматы қаласында автокөлікті қайта сату мәмілесіне байланысты туындаған жанжалдан кейін жасалған қарақшылық шабуылдың күдіктісі қолға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияның мәліметінше, екі азамат автокөлікке қатысты мәміле шарттарын талқылау үшін кездескен. Келіссөз барысында олардың арасында жанжал туындап, күдікті қарсы тараптың банк картасында қомақты қаражат бар екенін білген соң оған пышақ жарақатын салған.

Одан кейін күдікті жәбірленушінің автокөлігін иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Оқиға туралы хабар түскеннен кейін қала аумағында «Ұстау» арнайы жоспары енгізілді. Барлық патрульдік жасақтарға күдіктіні анықтау және ұрланған көлікті іздестіру бойынша тапсырма берілген.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің жүрген жері анықталып, ол Райымбек даңғылы бойында ұсталды. Одан іске қатысты заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу