freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қайсар Қамзаны Вьетнамнан экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр

Құқық
Қайсар Қамзаны Вьетнамнан экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр
Фото: Instagram/@qais_arr

Қазақстандық блогер Қайсар Қамза бойынша Вьетнамнан экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік дерегінше, блогерді Қазақстанға қайтару үшін алдымен Вьетнам аумағындағы тергеу аяқталып, соттың заңды күшіне енген шешімі болуы қажет.

Еске салайық, Қайсар Қамза Вьетнамның Камрань қаласында ұсталған болатын. Қазақстан Ішкі істер министрлігі Интерпол арқылы Вьетнамның құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген шаралар нәтижесінде оны қолға түсірген. Ол заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген.

Тергеу мәліметінше, күдікті заңсыз әрекеттер арқылы 100 миллион теңгеден астам табыс тапқан. Қаражат оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылған.

Қайсар Қамзаға заңсыз құмар ойындарды ұйымдастыруға жәрдемдесті деген айып тағылып отыр. Бұған дейін, 2026 жылдың қаңтар айында, құқықтық статистика порталында оған қатысты іздеу жарияланған. Іздеуді Қаржылық мониторинг агенттігі бастаған, ал тергеу шараларын Астана қаласының Экономикалық тергеу департаменті жүргізген.

Ресми дерекке сәйкес, блогер шамамен бес жыл бойы Instagram желісінде белсенді болған. Оның qais_arr парақшасына 2,4 миллионға жуық адам жазылған. Сонымен қатар, ол «Қора энтертейнмэнт» атты жабық Telegram-арнасын басқарған, онда 368 мыңдай оқырман болған.

ҚМА мәліметінше, блогер әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы онлайн-казиноға тіркелуге шақыратын жарнамалар жариялап отырған. Жазбаларда арнайы сілтемелер мен бонус беретін жеке промокодтар көрсетілген.

Айта кету керек, Қайсар Қамза бұған дейін де заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Атап айтқанда, заңсыз жарнама және ұтыс ойындарын ұйымдастырғаны үшін оған 1,17 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

Сонымен қатар, оның шетелде түсірілген даулы видеолары қоғамда қызу талқыланған. Солардың бірі Үндістанда түсірілген бейнеролик болған. Онда блогердің агрессивті мінез-құлқы мен бейәдеп сөздері жұртшылықтың сынына ұшыраған еді. Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты Үндістан тарапынан ресми шағым түспегенін хабарлағанымен, шетелде өзін ұстау мәдениетіне қатысты ескерту жасаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу