Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қамауға алынғандарды сапалы медициналық көмекпен қамту ұсынылды

Сұқбат
Қамауға алынғандарды сапалы медициналық көмекпен қамту ұсынылды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағанды облысы Долинка ауылындағы АК-159/7 колониясына барып, қамауда отырған азаматтарды қалай емдеп жатқанын көріп қайтты. Кездесуде қамауға алынғандарды сапалы медициналық көмекпен қамту мәселесі көтерілді. Кездесу барысында колониялардағы медициналық қызмет көрсету бөлімін денсаулық сақтау министрлігі бақылауына өткізу ұсынылды. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов бұл пилоттық жобаның басты мақсаты - қамалғандарға тиісті дәрежеде заманауи құрылғылар мен кәсіби дәрігерлерді жұмылдыра отырып емделу мүмкіндігін ұсыну екенін айтты.  

“Өкінішке қарай, колония қазір  медициналық стандарттарға сай қамтамасыз етілмеген. Мұны бақылау денсаулық сақтау министрлігіне берілсе, қамауға алынғандарды заманауи емдеу тәсілдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік пайда болады” - дейді комитет төрағасы. Денсаулық сақтау министрі Цой колониядағы медициналық қамтамасыз етуді министрлікке тапсыру қамауға алынғандардың медициналық көмекке қолжетімділігін арттырумен қатар, медициналық қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесін құруға көмектесетінін айтады. Айта кетейік, қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесінде 65 медициналық бөлімше, 15 денсаулық сақтау бөлімдері мен 1600-ге медициналық қызметкері бар 6 аурухана жұмыс істеп тұр. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу