freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қар көшкіні қаупі: Алматы тауларында жағдай күрделі

Қоғам
Қар көшкіні қаупі: Алматы тауларында жағдай күрделі
Фото: ТЖМ

Қазақстанның ТЖМ «Қазселденқорғау» мамандары төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында еліміздің таулы аймақтарындағы қар көшкіні қаупі бар учаскелерді тұрақты түрде бақылап, тексеріп отырады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қар көшкіні қаупі кезеңінің басынан бастап (2025 жылдың қараша айынан) республика бойынша 331 жергілікті зерттеу жүргізілді, қар көшкіні түсуі мүмкін жерлерге 110 ескерту белгісі орнатылды. Халықты ақпараттандыру мақсатында 1 275 ескерту хабарламасы, сондай-ақ 6 103 ақпараттық брошюра таратылды.

2025-2026 жылдарғы қар көшкіні қауіпті кезеңі басталғалы бері Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл облыстарында 61 рет қар көшкінінің өздігінен түсуі тіркелді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы мен Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында 79 рет қар көшкінін алдын ала түсіру жұмысы жүргізілді.

Қазіргі уақытта еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының тауларында қар көшкіні қаупі сақталуда. Алматы мен Жетісу облыстарының тауларында қар қалыңдығы кей жерлерде 1,4 метрге жетті, бұл қалыпты көрсеткіштен екі есе көп.

«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес 2026 жылғы 6–8 наурызда Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында қар мен боран түріндегі нөсер жауын-шашын күтіледі. Қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты табиғи қар көшкіні түсу ықтималдығы жоғары.

ТЖМ қар көшкіні қаупі туралы дауылды ескерту жарияланған кезде таулы аймақтарға бармауға және қар басқан тік беткейлерге шығудан аулақ болуға кеңес береді, себебі бұл қар көшкінінің өздігінен түсуіне әкелуі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу