Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағанды – Астана жолында мыңнан аса көлік тұрып қалды (ВИДЕО)

Оқиға
Қарағанды – Астана жолында мыңнан аса көлік тұрып қалды (ВИДЕО)

Қарағанды облысының полицейлері жолда қалып қойған жүздеген көлікті діттеген жеріне жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, кеше Қарағанды облысында жауын-шашын мен қолайсыз ауа райының салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдар жабылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс кестесіне көшкен.

Облыс аумағында мыңнан астам көлік жолда қалды. Әсіресе, Қарағанды-Астана бағытында 700-ден астам көлік жиналды, деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Полиция қызметкерлері Қарағанды-Астана бағытында 700 көлікті жетегіне алып, Ақмола облысының аумағына дейін апарған. Сондай-ақ, Ақмола облысы аумағынан Қарағанды бағытына 1 мың көлік қауіпсіз түрде жеткізілген.


Фото: видеодан скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу