Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағандыда түрмеде отырған ер адам тұрғындарды алдап келген

Қоғам
Қарағандыда түрмеде отырған ер адам тұрғындарды алдап келген
Фото: istockphoto.com

Қарағандыда ер адам түрмеде отырса да жергілікті тұрғындарға пластик балкон орнату жөнінде тапсырыс қабылдап, алдын ала төлем алғаннан кейін із-түзсіз жоғалып отырған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Malim.kz.

ІІМ-нің ақпараттық медиапорталының мәліметінше, Қарағандыда 36 жастағы ер адам ұсталды. Ол осыған дейін алаяқтық үшін сотталып кеткен.

«Пластик балкондарды жылдам әрі сапалы орнатамын деген желеумен ол 8 қала тұрғынын алдап, қомақты қаражат алған», – деп мәлімдеді ІІМ.

Жаздың ортасынан бастап Октябрь аудандық полиция бөліміне жалған шебердің құрбаны болған азаматтардан жүгіну көбейген.

«Алдау тәсілі әдеттегідей: ол тапсырысты қабылдап, алдын ала төлем алып, кейін байланысқа шықпай, жоғалып отырған. Полицейлер оның кім екенін анықтап, ұстады», – деді ведомствода.

Тергеу барысында алаяқтықтың 16 эпизоды бір өндіріске біріктірілді. Қарағандылықтарға келтірілген жалпы залал 8 миллион теңгеден асқан.

Қазіргі уақытта тергеу-жедел тобы қажетті процестік әрекеттерді аяқтады, іс материалдары сотқа жіберуге дайындалуда. Сот қарауы кезеңінде күдікті қамауға алынды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу