freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағандыдағы су қоймасында екі шетелдік студент көз жұмды

Оқиға
Қарағандыдағы су қоймасында екі шетелдік студент көз жұмды
Фото: ТЖМ

Қарағанды қаласындағы Федоров су қоймасында Үндістан азаматтары болған екі студент суға батып қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғылы жағдай 30 мамыр күні күндіз шомылуға рұқсат етілмеген, арнайы жабдықталмаған жағажай аумағында болған.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, марқұмдар 2004 және 2005 жылы туған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, студенттердің бірі суға түскен кезде бата бастаған. Оған көмектеспек болған досы да қауіпке ұшырап, нәтижесінде екеуі де судан шыға алмаған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушы-сүңгуірлер жастардың денелерін судан алып шықты. Мамандардың айтуынша, олар жағалаудан шамамен 15 метр қашықтықта, бес метр тереңдіктен табылған.

Құтқарушылар бұл аумақта су түбінің бедері біркелкі емес екенін, ал тереңдіктің кей жерлерде күрт өзгеретінін атап өтті.

ТЖД өкілдері тұрғындарға шомылуға тыйым салынған орындарда суға түспеуге кеңес беріп, мұндай аумақтар адамның өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретінін ескертті.

Сондай-ақ мамандар су айдынының қауіпсіздігін сыртқы көрінісіне қарап бағалау мүмкін емес екенін айтты. Осы себепті қауіпті жерлерге арнайы ескерту және тыйым салу белгілері орнатылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу