Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қаралы хабар! Қазаққа танымал фильмнің актері 75 жасында көз жұмды (ФОТО)

Қоғам
Қаралы хабар! Қазаққа танымал фильмнің актері 75 жасында көз жұмды (ФОТО)
ашық дереккөзден

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері Анатолий Креженчуков 75 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Марқұмның дүниеден өткені туралы ол ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының баспасөз қызметі мәлімдеді. Театр ұжымы актердің біраз уақыт бойы ауыр дертпен күрескенін айтып, оны талапшыл, принципшіл әрі шығармашылық ортада ерекше рух қалыптастырған тұлға ретінде еске алды. Әріптестері мен көрермендер әлеуметтік желіде көңіл айтып, оның өнерге сіңірген еңбегіне құрмет білдіруде.

Анатолий Креженчуков 1950 жылдың 4 наурызында Алматы қаласында дүниеге келген. 1973 жылы Құрманғазы атындағы өнер институтын тәмамдап, сол жылы Лермонтов театрының труппасына қабылданды. Театр сахнасында ол 100-ден астам рөл сомдап, көрерменнің зор ықыласына ие болды. Оның жарқын бейнелері қатарында "Ревизордағы" Городничий, "Вишнёвый садтағы" Пыщик, "Варварлардағы" доктор Макаров бар.

Актер кино және телевизия саласында да табысты еңбек етті. Көпшілікке ол "Перекрёсток" телехикаясындағы дәрігер Платонов рөлі арқылы кеңінен танылды. Сондай-ақ "Возвращение сына", "Граница", "Ликвидатор", "Махамбет" фильмдеріне түсті.

Анатолий Креженчуков қазақ өнері тарихында өзіндік орны бар, көрерменнің зор құрметіне бөленген актер ретінде ел жадында қалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу