Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарызы бар тұтынушылардың жарығы сөндіріле бастайды

Қоғам
Қарызы бар тұтынушылардың жарығы сөндіріле бастайды

Алматыда 12 мамырдан бастап электр энергиясы үшін берешегі бар абоненттерге жарық беру кезең-кезеңімен шектеледі. Бұл туралы "Алатау Жарық Компаниясы" (АЖК) ресми түрде хабарлады.

АЖК мәліметінше, электрмен жабдықтау күн сайын сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін уақытша тоқтатылатын болады. Шектеулер тек берешек толығымен өтелмеген тұрғын үйлерге қатысты жүргізіледі. Жарықты қайта қосу тек қарыз толық өтелгеннен кейін ғана жүзеге асады.

"Электрмен қамту қарыз толық өтелгенге дейін уақытша тоқтатылады. Бұл шаралар меншік иелері бірлестіктері (ОСИ) және тұрғын үй кооперативтері арқылы жүзеге асады. Бұл адал тұтынушылар үшін қолайсыздықты азайтуға мүмкіндік береді", – делінген АЖК хабарламасында.

Компания өкілдері уақытша сөндіру – берешекті өндірудің ең тиімді тәсілдерінің бірі екенін атап өтті. Қазіргі таңда Алматы бойынша жалпы қарыз көлемі 1,2 миллиард теңгеге жеткен.

Энергетиктер тұрғындарды қарызды ертерек өтеуге шақырып, электр энергиясын үздіксіз пайдалану үшін төлемдерді уақытылы жүргізуге кеңес береді.

Фото: Depositphotos.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу