Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне көңіл айтты

Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, Үнді мұхитындағы Францияға тиесілі Майотта архипелагында «Шидо» атты жойқын цилон болғанын, оқиға салдарынан мыңдаған адам құрбан болу мүмкіндігі туралы хабарланды.

Дүйсенбі күні кешке қатты дауылдан зардап шеккен Майотта аралындағы жағдайға байланысты Францияның министрлікаралық дағдарыс тобының отырысы өтті. 

Фото: Ақорда 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу