freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен өткен кездесуден фотосурет жариялады

Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен өткен кездесуден фотосурет жариялады
tokayev_online

Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен резиденцияда өткен бейресми әрі жылы форматтағы әңгіме сәтінен түсірілген суретті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қадірлі бауырым Режеп Тайип Ердоғанмен резиденциямда өткен емен-жарқын әңгіме сәтінен, – деп жазды Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған 13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға мемлекеттік сапармен келді.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді.

Ал 15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтеді. Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу