Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қатынды бастан»: Әйелді ұру туралы айтқан имам кешірім сұрады (ВИДЕО)

Қоғам
«Қатынды бастан»: Әйелді ұру туралы айтқан имам кешірім сұрады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде «әйелдерді ұру керек» деген имам Ризабек Батталұлы қателескенін айтып, кешірім сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол бұл ісін эмоцияға берілгендігімен ақтады.

Өзімнің өрескел қателігім үшін кешірім сұраймын. Құрандағы «Әйелдер» сүресі әйел затын қорғаушы, әйел затына басшылық етушіге ескерту мен жол көрсетуді баяндайды, - деген имам қателік жасағанын мойындады.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде белгілі имам Ризабек Батталұлының бірнеше жыл бұрын әйелдерді ұру туралы айтқан видеосы тараған болатын.

Үшінші қағида бар. Не дейді? Ұрыңдар. Мұхаммед Пайғамбарымыз (С.Ғ.С) жарақатталып, дене мүшесін сындырып қоймайтындай деңгейде нұқып алу керек. Сондықтан қазақтың үйінде неге қамшы ілініп тұрған? Әйел қамшыны көрген кезде тәубасына келетін болған, - дейді имам.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу