Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қаза тапқандар бар: Австралияда Ханука тойланып жатқан жағажайда атыс болды

Әлем
Қаза тапқандар бар: Австралияда Ханука тойланып жатқан жағажайда атыс болды
Фото: EPA

Австралиядағы Бонди-Бич жағажайында атыс басталып, қаза тапқандар бар, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға болған сәтте жағажайда еврей халқының Ханука мерекесі аталып жатқан. Алайда бұл екі оқиғаның өзара байланысты-болмағаны әзірге нақты белгісіз.

Полицияның мәліметінше, оқ атқан екі адам «залалсыздандырылған», дегенмен оқиға орнындағы арнайы операция әлі жалғасуда. Қазіргі уақытта аумақта жарылғыш құрылғылардың болуы мүмкін деген күдікпен тексеру жүргізілуде.

Зардап шеккендердің нақты саны әзірге расталған жоқ. Алайда ABC телекомпаниясының хабарлауынша, жедел жәрдем қызметі оқиға орнына медицина қызметкерлерін, жедел жәрдем көліктері мен тікұшақтарды жіберген.

Медицина қызметкерлері көптеген жараланғандарға көмек көрсетіп жатыр, кейбірі жергілікті ауруханаларға жеткізілуде. Жекелеген адамдар жедел жәрдем көліктеріне зембілмен тасымалдануда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу