freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан балуандары Азия чемпионатында 22 медаль жеңіп алды

Спорт
Қазақстан балуандары Азия чемпионатында 22 медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстандық балуандар байрақты бәсекеде 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

Еркін күрес

Нұрданат Айтанов (61 келіге дейін), Майис Алиев (70 келіге дейін), Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін), Ризабек Айтмұхан (125 келіге дейін) алтын медаль алды.

Еламан Амангелді (54 келіге дейін), Ерхан Әбіл (79 келіге дейін), Абылайхан Үзембаев (86 келіге дейін) күмістен алқа тақты.

Шаттық Алайдар (65 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Грек-рим күресі

Айбек Айтбеков (60 келіге дейін), Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтын медаль еншіледі.

Нұрмұхаммед Ибрахим (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Ерасыл Жеңгіс (87 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.

Диас Нұрақов (63 келіге дейін), Кирилл Минько (82 келіге дейін) қола медаль алды.

Әйелдер күресі

Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Алтын Шагаева (57 келіге дейін), Тыныс Дүбек (62 келіге дейін), Алина Ертөстік (76 келіге дейін) күміс жүлде еншіледі.

Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін), Виктория Хусаинова (59 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу