Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қазақстан да кейін Ресейдікі болады». Полиция осы сөзден қылмыс құрамын таппады

Қоғам
«Қазақстан да кейін Ресейдікі болады». Полиция осы сөзден қылмыс құрамын таппады

Әлеуметтік желіде қолына қару ұстап, Қазақстанның Ресейге қосылуын аңсайтын жігіттің бейнежазбасы тарады. Онда ол Қазақстанның да кейін Ресейдікі болатынын, өзін Ресейдің баласы деп санайтынын айтқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Өзін Максим деп таныстырған жігіт Атырауда кезінде халықтың 50%-ы орыстар болғанын, кейін сырттан келетіндер көбейіп, ақырында өздерін тықсыра бастағанын айтты. Дегенмен Қазақстан да Белоруссия сияқты Ресейсіз ешқайда бара алмайтынына сенімді.

Осы жайтқа қатысты Атырау облысы полиция департаменті мәлімдеме жасады. Онда аталған бейнежазбадағы 34 жастағы күдіктіге қатысты қаңтар айында қару мен есірткіні заңсыз алу және сақтау, ұлтаралық араздықты қоздыру деректері бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.

Жүргізілген психо-филологиялық сараптама нәтижесінде ұлтаралық діни алауыздықты  қоздыру деректерінің анықталмауына байланысты қылмыстық іс қысқартылған. Ал, күдіктінің есірткі мен қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған, деп жазды ПД.

Фото: скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу