freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогында қола жүлде иеленді

Спорт
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогында қола жүлде иеленді
Getty Images

Қазақстан құрамасы Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Халықаралық турнирдің алғашқы жарыс күнінде отандастарымыз қола медаль жеңіп алды. Аралас жұптар арасындағы техникалық бағдарламада Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов үздік үштікке енді. Қазақстандық спортшылар төрешілердің шешімімен 208,6150 ұпай жинады.

Жарыста Ұлыбритания өкілдері Изабель Торп пен Ранджуо Томблин топ жарып, 225,9034 ұпаймен алтын медаль иеленді. Ал испаниялық Карла Лоренсо Льюска мен Энеко Санчес Агилар 210,8792 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Артур Майданов пен Айғаным Саим жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Олар 207,0650 ұпай жинап, жарысты төртінші орынмен аяқтады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу