freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан құрамасы бокстан U17 санатындағы Азия чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

Спорт
Қазақстан құрамасы бокстан U17 санатындағы Азия чемпионатында үздік нәтиже көрсетті
ҰОК

Бокстан Ташкентте (Өзбекстан) өткен U17 санатындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстандық боксшылар 17 жасқа дейінгілер арасында 8 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

Алтын медальді Нұрасыл Ғалым (50 келіге дейін), Хатшепсут Садвакасова (50 келіге дейін), Эмир Мухит (60 келіге дейін), Аяулым Оспанова (60 келіге дейін), Диана Надырбек (75 келіге дейін), Әлібек Алпамыс (80 келіге дейін), Сабыржан Сағым (80 келіден жоғары), Жансая Ержан (80 келіге дейін) жеңіп алды.

Балым Ғабитқызы (60 келіге дейін), Мейіржан Жүніс (63 келіге дейін), Ислам Сулейманоглы (66 келіге дейін) күмістен алқа тақты.

Милана Иншина (46 келіге дейін), Бекхан Уразбай (52 келіге дейін), Нұрислам Оңалбек (57 келіге дейін), Розалия Вайдеман (57 келіге дейін), Айлин Ходжамбердиева (70 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу