Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан Қытаймен су бөліскелі жатыр

Саясат
Қазақстан Қытаймен су бөліскелі жатыр

Қазақстан Қытаймен трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.


Қазір Қазақстан мен Қытай екі ел арасындағы трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі бойынша үкіметаралық келісім жобасын әзірлеп жатыр.

"Министрлік Балқаш көлін қажетті су көлемімен қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі. Жыл басынан көлге 12 млрд текше метрден астам су жіберілді", - деді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Келісім жасаудағы негізгі міндет Балқаш көлін қалыпты деңгейде сақтауға кепілдік беретін су көлемінің түсуін қамтамасыз ету.

Фото: yandex.kz   

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу