freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан Ресейден қашып келген жасөспірімді депортациялау туралы шешімді жойды

Құқық
Қазақстан Ресейден қашып келген жасөспірімді депортациялау туралы шешімді жойды
Уральская неделя

Батыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы өткен жылдың күзінде Қазақстанға келген 16 жастағы Ресей азаматы Тимур Турковты елден шығару туралы шешімді жойды. Сот отырысына жасөспірімнің әжесі Валентина келді. Судьяның сұрақтарына жауап бере отырып, ол Тимур Ресейге қайтарылған жағдайда оның өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz Exclusive.kz, «Уральская неделя» басылымдарына сілтеме жасап.

Тимур Турков өткен жылдың 12 қыркүйегінде Коми Республикасынан Қазақстанға келген. Ол жолай көліктермен отырып, шекараны жаяу кесіп өткен. Оның айтуынша, шекарадан өткеннен кейін бір түнде шамамен 17 шақырым жүріп, шекараға жақын орналасқан Астафьево ауылына жетіп, сол жерде шекара қызметін шақыруды өтінген.

Жасөспірім алдымен «Махамбет» шекара бекетіне жеткізіліп, кейін Орал қаласына апарылып, арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға арналған орталыққа орналастырылған. Кейін оған шекараны заңсыз кесіп өтті деген айып тағылды.

Желтоқсан айында сот жасөспірімді Қазақстаннан шығару туралы шешім шығарып, оған елге бес жылға кіруге тыйым салды және алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Турков адвокатымен бірге бұл шешімге апелляциялық шағым түсірді. Сондай-ақ прокуратура да оны елден шығару туралы шешімді жою жөнінде өтініш білдірді.

Бұған дейін БҰҰ-ның адам құқықтарының жағдайы жөніндегі арнайы баяндамашысы Мариана Кацарова Қазақстан президентіне хат жолдап, Украинадағы соғысқа және қоғамның милитаризациясына келіспегені үшін елінен кеткен кәмелетке толмаған ресейлікті депортацияламауды сұрағаны хабарланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу