Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан шахматшылары бірінші орынға шықты

Спорт
Қазақстан шахматшылары бірінші орынға шықты

Жарыста Қазақстан құрамасы 9-шы турдан кейін бірінші орынға шықты.
Тоғызыншы турда Қазақстан Польша құрамасымен сайысты. Ойын нәтижесінде қазақтар поляк шахматшыларын 2,5:1,5 есебімен ұтты. Жеңіске жетуге Алуа Нұрман септігін тигізді. Бибісара Асаубаева, Меруерт Қамалиденова және Ксения Балабаева ойынды тең аяқтады.

Осылайша, тоғыз турдан кейін Қазақстан құрамасы 16 ұпаймен бірінші орынға шықты. Одан кейінгі орындарда Үндістан (15), Польша және АҚШ (әрқайсысы 14 ұпайдан) орналасқан.

Бұған дейін, 8-турда қазақстандық спортшылар кестеде өздерімен деңгейлес тұрған Франциямен ойнап, (2355, №13) 2,5-1,5 есебімен ұтқан еді.

Осы ойында Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман қарсыласын қапы қалдырса, Әмина Қайырбекова тең түсті. Меруерт Камалиденова болса, Миллиет Софиеден ұтылды. 

Айта кетейік, Олимпиада аяқталғанға дейін әлі де екі тур бар.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу