Алматыдағы Halyk Arena спорт кешенінде хоккейден ерлер арасындағы алғашқы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы осы додада жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Malim.kz.
Соңғы шешуші матчта Қазақстан командасы Жапониямен ойнап, 5-1 есебімен басым түсті.
1:0 – Рымарев (Борисевич, Гренц)
2:0 – Рымарев (Александров)
3:0 – Наместников (Королинский)
3:1 – Ирикура (Ханзава, Кобаяши)
4:1 – Гребенщиков (Волков, Королинский)
5:1 – Королинский
Ал Оңтүстік Корея құрамасы овертаймда Қытайдан 2-1 есебімен басым түсіп, бізге басымдық сыйлады.
Азия чемпионатының турнир кестесі:
Қазақстан – 6 ұпай
Жапония – 6
Оңтүстік Корея – 4
Қытай – 2
Айта кетейік, құрлық бәсекесі Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) қолдауымен өтті.
Фото: instagram/kazakhstanhockey