Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда 105 адамды алдаған күдікті Мысырда ұсталды

Қоғам
Қазақстанда 105 адамды алдаған күдікті Мысырда ұсталды

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Мысыр астанасы Каир қаласында халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталды. Ол криминалдық полиция қызметкерлерімен Шымкент қаласына жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

2023 жылы ер адам басқа адамдармен сөз байласып, жәбірленушілердің атына автокөліктерді несиеге рәсімдеп, кейін оларды үшінші тұлғаларға сатқан. 

Осы бойынша полицияға 105 адам арызданған. Келтірілген жалпы материалдық шығын 1,5 миллиард теңгеден асты. 

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды: 

190-баптың 4-бөлігі – аса ірі көлемде жасалған алаяқтық;

262-баптың 1-бөлігі – ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу;

217-баптың 1-бөлігі – қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу