Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті күшейту бойынша жұмыс тобы құрылады

Саясат
Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті күшейту бойынша жұмыс тобы құрылады

Премьер-министр Олжас Бектенов ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін күшейту жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құруды тапсырды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Бұл туралы тиісті құжатта жазылған. Онда келесі тармақтар көрсетілген:

  • Ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін күшейту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейтін ведомствоаралық жұмыс тобын құру.
  • Жұмыс тобы 2025 жылғы 31 қазанға дейін Үкімет Аппаратына тиісті ұсыныстарды енгізуге тиіс.

Құжаттың орындалуын Премьер-министрдің орынбасары Ержан Көшербаев бақылайды.

Жұмыс тобының құрамы:

  • Премьер-министрдің орынбасары – топ жетекшісі;
  • Мәдениет және ақпарат министрі – жетекшінің орынбасары;
  • Вице-министр – топ хатшысы;
  • ҰҚК төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
  • Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
  • Сыртқы істер министрінің орынбасары;
  • Ішкі істер министрінің орынбасары;
  • Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;
  • Қауіпсіздік кеңесінің өзекті мәселелер бөлімі сектор меңгерушісі (келісім бойынша);
  • Президент Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі сектор меңгерушісі (келісім бойынша);
  • Президент Әкімшілігінің цифрландыруды дамыту бөлімі сектор меңгерушісі (келісім бойынша);
  • Үкімет Аппаратының әлеуметтік даму бөлімі меңгерушісі.

Жұмыс тобы ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеп, оларды Үкіметке ұсынуға тиіс.

Фото: рrimeminister.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу