freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда мыңдаған адам өмірлік маңызды мүшелерін ауыстыруды күтіп жүр

Денсаулық
Қазақстанда мыңдаған адам өмірлік маңызды мүшелерін ауыстыруды күтіп жүр
Фото: pixabay.com

Қазақстанда органдық донорлықты дамыту жұмыстары күшейтіліп, трансплантацияға қажеттілік күннен күнге артып келеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазіргі уақытта елде 4,6 мыңнан астам адам өмірлік маңызды мүшелерін ауыстыруды күтуде.

Маңғыстау облысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығы қатысуымен жұмыс сапары барысында органдық донорлықты дамыту мәселелері талқыланды. Бұған дейін осындай кездесулер Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында ұйымдастырылған.

Негізгі назар өлімнен кейінгі донорлықты дамытуға бағытталған, себебі бұл трансплантация санын арттырудағы ең маңызды ресурс болып саналады.

Статистика:

2023 жылы трансплантацияны 3 961 пациент күткен;

2025 жылы бұл көрсеткіш 4 506 адамға жеткен;

2023 жылы потенциалды донорлар саны – 49, 2025 жылы – 186;

Өлімнен кейінгі донорлар саны: 2023 жылы – 7, 2024 жылы – 6, 2025 жылы – 19.

Жүйенің әлеуеті одан да жоғары, бірақ негізгі кедергі – туыстардың бас тартуы. Азаматтардың ерікті келісім беруі 2023 жылы 38 мың болса, 2025 жылы 145 мыңнан астам адамға жеткен.

Елімізде трансплантациялық үйлестіру жүйесі құрылды. Алайда өлімнен кейінгі донорлықты дамыту халықтың сенімі мен хабардарлығына тікелей байланысты, – дейді Республикалық орталықтың директоры Айдар Сейітқазинов.

Қазіргі кезде өңірлерде мамандарды оқыту, донорлық стационарларды дамыту және халықты хабардар ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл тұрақты жүйе қалыптастыруға және медициналық мекемелердің трансплантация өткізуге дайындығын арттыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу